457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ-тан Қазақстанға поштамен есірткі жеткізетіндер ұсталды

Алматы қаласының прокуратурасы аса ірі көлемдегі марихуана контрабандасына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, АҚШ-тан Қазақстанға поштамен 43 келіден астам есірткі жеткізілген. Сәлемдемелер бірнеше ірі қаладағы тұрғындарға бағытталған. Аталған қалаларда тінту жүргізіліп, 10 адам ұсталды.

Тергеу болжамынша, есірткі жеткізуді кураторлар, буып-түюшілер және «дропперлерден» құралған ұйымдасқан кибертобы жүзеге асырған.

Топ мүшелері Telegram мессенджері арқылы байланыс орнатқан.

Схеманы Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан адам ұйымдастырғаны анықталды.

Ол жеткізу арнасын ұйымдастырғанын және төлем үшін криптовалюта қолданғанын мойындады.

Сондай-ақ АҚШ-тағы есірткі сатып алуға қаржы бөлген тұлғалар анықталды — олар да қылмыстық әлем өкілдері және түрмеде отырғандар. Есірткі саудасынан түскен табыс туыстарының атына тіркелген жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алу арқылы заңдастырылған.

Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 5 пәтер, 3 ғимарат, 10 жер учаскесі мен 44 көлікке тыйым салынды.

Іске барлығы 20 адам тартылып отыр, олардың арасында қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен лауазымды тұлғалар да бар екені айтылды.

Фото: видеодан кадр