457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Саяси белсенді Тимур Данебаев бостандыққа шықты

Белсенді Тимур Данебаев бостандыққа шықты, Malim.kz.

«Сотталған азамат жаза мерзімін сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеді. Сот белгілеген мерзімді толық өтеуіне байланысты бостандыққа шықты», – деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі.

ҚАЖК сондай-ақ Данебаевтың қайтадан сотталып, колонияға жіберілді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың күзі интернетте Қазақстандағы колониялардың бірінде отырған Тимур Данебаевтың аяусыз азапталған сәттері жарияланып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Артынша қызметтік тексеру басталды. 6 қыркүйекте құқық қорғаушы Елена Семенова азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Кейін ҚАЖК 11 құқық қорғау қызметкерін жұмыстан шығарып, ДУИС бастығы, оның орынбасары және колония басшысын қызметінен шеттететінін айтты. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын растады.

2024 жылғы 31 шілдеде Атбасар колониясының 12 қызметкеріне қатысты азаптау ісі бойынша сот басталды. Оның үшеуі қамауда, қалғандары кепілмен босатылды. Іс материалдары бойынша 44 сотталушы жәбірленуші деп танылып, процесс алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр.

20 тамызда КазТАГ аталған даулы істің жәбірленушілерін тергеу кезінде анықталған шок туғызарлық жайттарды жариялады.

12 қарашада Атбасар қаласындағы колонияда азаптауға ұшыраған сотталушы белсенді Тимур Данебаев өзін ұрлап кеткенін мәлімдеді.

2025 жылғы 12 ақпанда КазТАГ белсенді Тимур Данебаевты азаптаған Атбасар колониясының қызметкерлері сотта толық ақталғанын хабарлады. Айта кетерлігі, мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға нақты жаза сұраған еді. Сот алқабилердің шешіміне сүйене отырып, ақтау үкімін түсіндірді. 13 ақпанда Данебаев және басқа да сотталғандар соттың азаптау ісі бойынша ақтау үкімімен келіспей, аштық жариялағаны белгілі болды.

15 ақпанда құқық қорғаушылар Атбасардағы азаптау ісі бойынша шыққан ақтау үкіміне қатысты мәлімдеме жасап, өз алаңдаушылығын білдірді. Сол күні Ақмола облысының прокуратурасы да ақтау үкіміне наразылық білдіріп, шағым түсіргенін хабарлады. 11 сәуірде сот Атбасар колониясындағы азаптау ісіне байланысты ақтау үкімін жойғаны белгілі болды. Алайда азаптау ісіне қатысы барлар ақтау шешімінің күшін жоюмен келіспейтінін мәлімдеді.

Фото: Malim.kz