457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Автобус жолақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе? Үкімет не дейді?

Сарапшы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыда автобус билеті 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген

Әлеуметтік желілерде  блогердің "Астана мен Алматыда автобуспен жүру құны 500 теңге болуы тиіс" деген сөзі қызу талқыға түсті.Бұл мәселеге бүгін Үкіметтегі брифингте де пікір айтылды.Бұл туралы Malim.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қоғамдық көлік – бұл ең алдымен халыққа арналған қызмет, сондықтан жолақы бағасы күрт өспейді.

Бұған дейін Алматы мен Астана әкімдіктері қоғамдық көліктегі тарифті көтеру мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайтынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін сарапшы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыда автобус билеті 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, көлік компаниялары шығынмен жұмыс істеп жатыр, ал қазіргі тарифтер олардың шығындарын өтемейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі блогер ешқандай есеп немесе ресми дәлел келтірмегенін айтып жатыр.

Фото: 1.Kazenergy / 2. Stan.kz