457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылжарда бұралқы иттердің адамды қабуы жиіледі

Құтыру мен басқа да ауруларды таратуы мүмкін

Петропавлда биыл 53 адам иттен зардап шегіп, дәрігерге жүгінген. Олардың арасында балалар да бар. Бұл жөнінде ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Қаңғыбас жануарлар мәселесі «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму кеңесінің отырысында талқыланды. Петропавл қалалық полиция басқармасы өкілі Жақсылық Байбосыновтың айтуынша, бұралқы иттер көбіне тұрғын үйлердің аулаларында, мектеп пен балабақша маңында жүріп, тұрғындарға қауіп төндіреді. «Олар топтасып алып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Вакцинациядан өтпегендіктен, құтыру мен басқа да ауруларды таратуы мүмкін», — деді ол.

Мәселенің күрделенуіне инфрақұрылым мен бақылаудың жоқтығы да себеп. Облыстық мәслихат депутаты Юлия Пронина: «Қанша талқыласақ та, өзгеріс жоқ. Бақылауды күшейтіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл — қоғамдық тәрбиенің бір бөлігіне айналуы тиіс», — деді.

Қала әкімінің орынбасары Марлен Сандыбековтің айтуынша, қаңғыбас жануарларға арналған арнайы орын салуға жобалық-сметалық құжаттама дайын, алайда Үкіметтің 24 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жаңа ғимараттар салуға мораторий енгізілген.

Мәселе бір айдан кейін қайта қаралатын болды. 

Фото: almaty.tv