457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО-да Ресейдің 720 азаматына ЖСН заңсыз берілген

Солтүстік Қазақстан облысында жүздеген жеке сәйкестендіру нөмірлері шетел азаматтарына заңсыз берілген, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


«Анализ аясында шетел азаматтарына қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тіркелімдері туралы» заңын өрескел бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы заң талаптарын елемей, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына нақты келмегеніне қарамастан, оларға ЖСН алу үшін 720 өтінімді рәсімдеген», – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Прокуратуралық қадағалау актісінің негізінде кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерін жою бойынша шаралар қабылдануда.

«Сонымен қатар, 3 шілдеде қадағалау органы материалдарының негізінде Петропавл қаласы мен М. Жұмабаев ауданының полиция органдары Қылмыстық кодекстің 206-бабы 2-бөлігі бойынша («Ақпаратты заңсыз жою немесе түрлендіру») сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауында», – деп толықтырды қадағалау органы.

Еске салайық, 9 сәуірде ҚазТАГ Freedom Finance-ке байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны – ресейліктерге ЖСН беру бойынша екенін хабарлаған еді. 12 сәуірде осы қылмыстық іс аясында полиция тарапынан тексеру бастаған.

Фото: gov4c.kz