457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО-да 9 жастағы бала үйді өртеп жіберді

СҚО-дағы Саумалкөл ауылында 9 жасар баланың салғырттығынан өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, бала сарайда сіріңкемен ойнап жүріп, қағазды тұтатқан да, кейін үйіне кетіп қалған. Біраз уақыттан соң от лап етіп өршіп кеткен.

Түтінді көрген көршілер өрт сөндірушілерді шақырған.

Қызметкерлер дер кезінде келіп, жалынның тұрғын үй мен қора-қопсыға жайылуына жол бермеді.

ТЖМ ескертеді: балалардың қолындағы сіріңке мен оттық – ойыншық емес, өмірге нақты қауіп төндіретін құрал.

Фото: ТЖМ