СҚО-да екі полицей жол апатына түсіп, көз жұмды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов көңіл айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.
“Қызметтік борыштарын атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыханның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын”, - деп жазды ҚР ІІМ Ержан Сәденов өз парақшасында.
Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді.
Қызметтік борышын атқару кезінде өмірі қиылған қызметкерлердің есімі ішкі істер органдарында мәңгі сақталады.
Фото: СҚО ПД

Ең көп оқылған
