457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО-да полицейлер тағы да жол апатына ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер зардап шеккен кезекті жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 9 қыркүйек күні таңертең Айыртау ауданында болған. Патрульдік полиция көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

“Көкшетау – Рузаевка тасжолында қызметтік Hyundai Elantra көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен әрі көлік аударылған”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері атап өткендей, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

“Жол апаты салдарынан қызметтік міндетін атқарып жүрген ішкі істер органдарының екі қызметкері – жүргізуші мен жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді”, – деді СҚО ПД.

Еске салсақ, 3 күн бұрын СҚО-да екі полицей жол апатына түсіп, көз жұмған болатын.

Фото: instagram.com/social_media_kaz

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00