Атбасар түрмесінде Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты

Сабина Асқарқызы

  • 13.02.2025

Атбасар түрмесінде Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Үш сұрақ болды. Іс-әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме? Бұл әрекетті сотталушылар жасағаны дәлелденді ме? Сотталушылар бұл әрекетті жасағаны үшін кінәлі ме? Кеңесу бөлмесінде алқабилер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы туралы қорытындыға келді, сондықтан сотталушылар алқабилердің үкімімен кінәсіз деп танылды. Осыған сүйене отырып, алқабилер қандай дәлелдемелерді басшылыққа алды – өздеріңіз естігендей, дәлелді бөлімде ол жазылмайды, өйткені үкім алқабилердің қатысуымен шығарылады, яғни бұл алқабилердің үкімі, - деп түсіндірді Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанына қарамастан, алқабилер көпшілік дауыспен оларды кінәсіз деп тапты.

Еске салсақ, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан.

ФОТО MALIM.KZ

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді