Шекара ашылса, қандастар үдере көшпек

Абай Нұржанұлы

  • 26.10.2020

Қытай қазақтары шекараның ашылғанын күтіп отыр.

Он бір мыңға жуық этникалық қазақ биыл оралман мәртебесіне ие болды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы 2020 жылы атажұртқа келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден екен. Олардың 57,23% еңбекке жарымды болса, 32, 5% оқу жасындағы жастар, ал 10,3% зейнет жасындағы қарттар.

Ведомстваның мәліметі 2020 жылдың 1-ші қазанға дейінгі есеп бойынша жарияланып отыр. Демек жыл соңына дейін оралмандары саны көбеюі әбден ықтимал. ҚР президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт МҰҚИБЕК Қытай Халық Республикасынан қоныс аударушылар санының артқандығы екі себептен дейді.

«Бізде көші-қонға қатысты заңнамалар өзгертілді. Ол қандастарымыздың азаматтық алуға, елге оралуға үлкен мүмкіндіктер алып келді. Құжаттарды рәсімдеу жағы жеңілдетілді. Бұрын ықтияр хатты алу үшін үш ай, азаматтық алу үшін үш ай уақыт күтетінбіз. Яғни жарты жыл уақыт құжатқа кетеді. Бұл өзге елден келген азаматтарға ұзақ уақыт. Жұмысқа орналасу, дәрігерге қаралу, балаларды балабақша мен мектепке беру кезінде қиындықтарға тап болады ғой. Қазір ықтияр хат пен азаматтыққа бір мезгілде құжат өткізіп, үш айдан кейін алуға болады. Содан кейін бұрынғы заң бойынша сотталмады деген анықтама мен тіркеуден шықты деген ресми бір жапырақ қағаз талап ететін Қазақстан. Ал ондай құжаттарды Қытайдан алу қияметтің қияметі.  Осындай кедергілер алынып тасталғанан кейін қандастар келе бастады. Көшке жан бітті», - дейді Ауыт Мұқибек МӘЛІМ КЗ сайтыынң тілшісіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, қазір ықтияр хатпен өзге елде 183 күнен артық болған қандастарымызға жаза жеңілдеген. Яғни айыппұл ғана салынып, олардың ары қарай азаматтық алуларына кедергі келтірілмейді екен.

«Соңғы 4-5 жылда қытай қазақтар көп келе бастады. Бұрын этникалық қазақтардың атамекенге көшу жағынан Өзбекстан мен Моңғолиядағы бауырларымыз бірінші екінші орында еді. Қазір қытайдағы қандастарымыз бірінші сатыға шықты. Оған екінші себеп ол жақтағы саяси жағдай. Аз ұлттарға жасалып жатқан қысымнан. Менің есебім бойынша Қытай халық Республикасында төрт миллион қазақ тұрып жатыр. Мына пандемия тоқтап шекара ашылса ағайындарымыз қотарыла көшуге дайын отыр», - дейді қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек.  

Биыл атамекендеріне келген қандастарымыздың 53,1% Алматыға, 13,2 % Маңғыстау облысына, Нұр-Сұлтан қаласына 4,1% ал Шымкент қаласына 3,3 % орналасыпты. «Ұлы дала» қоғамдық ұйымының басшысы Ғабиден ЖӘКЕЙ ішкі миграциядағы (халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру) тәсіл оралмандарға да қолданылса дейді.

«Үкіметтің жап жақсы бағдарламасы бар. Халық көп шоғырланған оңтүстіктен халықтың солтүстік облыстарға көшіру бойынша. Ресми мәлімет бойынша Солтүстік Қазақстан облысында бес жүз мыңның айналасында ғана тұрғын бар. Шекаралық аймақ үшін бұл аз халық. Ол жақта жер жеткілікті. Баспана арзан. Сырттан келген бауырларымызды сол жаққа жүйелі түрде қоныстандырса оңды болар еді. Олар жұмыс күшін молайтады. Өңірлік демография мен қауіпсіздік мәселесіне де оңтайлы деп ойлаймын. Мәселен қытайдың Алтай аймағынан келген қандастар солтүстіктің табиғатына бейімделіп кетеді», - дейді «Ұлы дала» қоғамдық ұйымының басшысы Ғабиден ЖӘКЕЙ.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстан тәуелсізідк алған 1991 жылдан бері 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған. Бейресми ақпарат бойынша Қазақстаннан тыс жеті миллионға жуық қазақ өмір сүріп жатыр екен.

Фото: mirperemen.net 

Байланысты жаналықтар

Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

23.04.2024

Қандастарға арналған квотаны көбейту керек

27.01.2021

"Қауымдастыққа сайланатын басшы керек"

23.11.2020

Қазақстандықтар Ресейге кетіп жатыр

12.03.2020

Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі

01.03.2020
MalimBlocks
Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

Қандастарға арналған квотаны көбейту керек

"Қауымдастыққа сайланатын басшы керек"

Қазақстандықтар Ресейге кетіп жатыр

Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі