Солтүстікке қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді

Арман Қайыпхан

  • 31.10.2024

Жыл басынан бері Түркістан облысынан 1200-ге жуық азамат солтүстікке қоныс аударған, деп хабарлайды Malim.kz. Аlmaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл тұрғындарға 7 облыстың біріне қоныс аударуға мүмкіндік береді.

Сайрам ауданына келген насихат тобы теріскейге көшуге ниет білдіргендерге қандай жағдай жасалатынын түсіндірді. Ұсынысқа қызығушылық танытқандар көп. Олардың арасында Азиза Ергешбаева да бар. Сайрам ауданының тұрғыны солтүстікке көшіп, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, сәті түссе кәсіп ашсам дейді.

"Өз мамандығым бойынша жұмыс істесем деймін. Одан бөлек, өзімінің бизнесімді бастасам деген ниетім бар еді. Көшіп барғанда қандай көмек көрсетіледі деген сұраққа жауап ала алдым", - дейді Сайрам ауданының тұрғыны Азиза Ергешбаева.

Мамандар қоныс аударған отбасының әр мүшесіне 258 мың теңгелік бір реттік материалдық көмек берілетінін айтады. Ал үйді азаматтардың өзі сатып алады. Оның 4 млн 282 мың теңгесін мемлекет өтейді.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

СҚО-да 30 мың га астам жер мемлекетке қайтарылған

23.11.2024

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

21.11.2024

21 мың адам. СҚО-дан халық үдере көшіп жатыр

12.11.2024

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

11.11.2024

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024
MalimBlocks
Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

СҚО-да 30 мың га астам жер мемлекетке қайтарылған

Ал заң бұзушыларға 500 мың теңгеден астам айыппұл салынған

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

Жеңіл көлік рулінде 1987 жылғы ер адам болған

21 мың адам. СҚО-дан халық үдере көшіп жатыр

Өңір халқы шамамен 5,5 мың адамға азайып кеткен

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тастардың үйіндісіне  соғылған

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған