21 мың адам. СҚО-дан халық үдере көшіп жатыр

Өңір халқы шамамен 5,5 мың адамға азайып кеткен

Malim Админ

  • 12.11.2024

Солтүстік Қазақстан облысынан биылғы 10 ай ішінде 21 304 адам көшіп кеткен. Ал келгендер саны қоныс аударғандардың орнын толтырмайды. Салдарынан өңір халқы тағы шамамен 5,5 мың адамға азайды. Мұндай үрдіс еліміздің басқа өңірлерінде де байқалып отыр.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көші-қон айырымы үлкен облыстардың көшін Түркістан бастап тұр. Бұл өңірден биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 112 143 адам көшіп кеткен. Келгендер саны – 91 мыңға жуық. Айырмашылық – 21 мыңнан асады.

Екінші орында – Жамбыл ауданы. Бұл өңірден осы аралықта 55 500-ге жуық адам көшіп кетсе, 43 мың адам қоныс аударған. Облыс халқы 12 500 адамға азайды.

Жетісу мен Қызылорда облыстарында да биылғы он айда өңір халқы шамамен 7,5 мың адамға азайып отыр.

Тек Алматы, Маңғыстау облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ғана халықтың көші-қонында оң өсім бар.

Мәселен, Алматы облысынан қаңтар-қыркүйекте шамамен 103 500 адам кетсе, керісінше 106 500-ге жуық адам көшіп келген. Маңғыстауда көшіп келушілер арқылы халық саны 1 571 адамға өскен.

Халық санының көші-қон арқылы көбеюінен Астана қаласы көш бастап тұр. Осы аралықта 198 мың адам көшіп келсе, 143 500-дей адам қоныс аударған.

Алматы халқы 30 мың адамға, Шымкент тұрғындары 6,5 мың адамға көбейді.

Ал жалпы республика бойынша тұрғындар саны қоныс аударушылар есебінен 10 182 тұрғынға көбейді. Соның ішінде ТМД елдерінен 16 мыңнан астам адам келіп, 8 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Басқа елдерден 4 мыңнан астам қоныс аударса, 2 300-дей адам шетелге көшкен екен.

Фото:  azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

26.04.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды