Шетелдіктердің заңсыз көші-қонын ұйымдастырған үш топ ұсталды

Барлық дерек бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр

Мәди Саматұлы

  • 16.01.2025

Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін бірнеше қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілген.

Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша «делдалдық» қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталған.

Барлық көрсетілген дерек бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

14.04.2025

10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

09.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

04.04.2025
MalimBlocks
Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

10 сәуірден кейін жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру керегі рас па?

Ішкі істер министрлігі 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Полицейлер Алматыда болған жол апатына қатысты автобус жүргізушісін жауапқа тартты. Жаяу жүргіншілер өткелінде қызды өткізбеген автобус жүргізушісі туралы сөз болып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді