Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Malim Админ

  • 16.11.2020

Өткен тәуліктен Қазақстанда коронавирус инфекциясын 588 адам жұқтырды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ресми ақпарат бойынша елімізде жыл басынан бері 121 051мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырса, оның  109 944 мыңы жазылған. Ал 1899 мың дүниеден өткен еді. 

Фото: stan.kz