Табиғат ресурстарын сақтау мен қорғау

  • 03.02.2020
  • Malim Админ

Нұр-Сұлтан қаласында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2020 жылдың жоспары бойынша алқа жиналысы өтті.

Алқа жұмысының жиналысында вице-министр Ерлан Нысанбаев биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы сөз сөйледі.

2019 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 63,9 мың га ауданда орман отырғызылды. Орман өрттерінің ауданы 2018 жылға қарағанда 162,6 мың га-дан 73,5 мың га дейін азайды.

Қазақстан үшін орман қоры өте маңызды. Негізгі аумағымыз шөлейіт жерлерде жатқандықтан ағаш отырғызып, сирек кездесетін ағаштардың түрлерін сақтау бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе. Осыған орай орман қорын сақтау мақсатында министрлік тарапынан сексеуілдің барлық ағаш түрін шабуға 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынды. Үш жылда сексеуіл тұқымдас ағаштардың әжептуір өсіп, көбеюіне жағдай жасалып отыр.

Вице-министрдің айтуынша, табиғат қорғау мекемелері материалдық-техникалық базамен әлсіз жабдықталған. Жабдықталу көрсеткіші нормативтің 74%-нан аспайды, қолда бар техниканың жартысы моральдық жағынан ескірген және табиғи тозған. Осы проблемаларды шешу үшін ведомство жыл сайын техника мен жабдықтарды сатып алуға 1,7 млрд.теңге көлемінде өтінім берсе, бюджетпен тек 600,0 млн. теңге бөлінген. Бұл ақша материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға жеткіліксіз болған.

2019 жылы 8 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу тіркелген. 7 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке, 53 браконьерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл тұрғыда табиғатты қорғау инспекторларының жұмысы қиын әрі қауіпті.

Жиында балық аулау саласын дамыту барысы айтылды. Мемлекеттік аграрлық-өнеркәсіптік кешен бағдарламасы аясында 2019 жылы 4,8 мың тоннаға жуық балық өсірілген. 2021 жылы балық өсіру өндірісін 5 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Балықты қайта өңдеу нәтижесінде 25 мың тоннаға жуық өнім экспортталып, 58 млн. АҚШ доллар пайда түсірген.

«Министрлік Каспий итбалығын сақтау бойынша жұмыстарды бастады. 2019 жылғы шілдеде Солтүстік Каспий акваториясындағы итбалықтың популяциясын зерттеу бойынша 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламаға қол қойылды. Ақтау қаласында алғашқы Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы ашылды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен кездесу барысында Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы келісімге қол қойылды», - деді Ерлан Нысанбаев.

Министрлік браконьерлікпен күресті күшейтуге бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізген. Браконьерлердің мүлкін тәркілеу, шетелдіктерді шығарып жіберу, қарастырылған айыппұлдар мен қамауда ұстау мерзімін екі есе көбейту, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін және браконьерлердің өміріне қауіп төндіретін нормалар енгізілген. Енді бұдан былай табиғатты қорғайтын инспекторлардың ғана өміріне қауіп төнбейді. Қауіп төндірушілірге қарсы қауіпті іс-қимыл қарастыру браконьерлерге тоқсқауыл болатын шығар.

Байланысты жаналықтар

Сценарий авторы – Цой. Жанр: Локдаун

30.06.2020

Қарасора сорға айналмасын...

29.07.2020

Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

11.06.2021

Дәулеткерей Кәпұлы: Жер мәселесі солқылдақтықты көтермейді

09.04.2021

Жалпыұлттық карантин режимі алына бастады

24.04.2020

Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

24.06.2020