Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

Malim Админ

  • 26.11.2020

Қазақтың әні десе ішер асын жерге қоятын, қазаққа болсын деп жанұшыра жүрегін ала жүгіретін Ерлан ТӨЛЕУТАЙ ағамызға  сын сағатта жәрдем етейік.

Ерағамыздың қос көзі көрмей қалған. Бір көзі су қараңғы, екіншісіне бір аптаның ішінде ота жасамаса одан да айырылу қаупі төніп тұр дейді.

Соған тез арада 3 млн теңге қаржы қажет екен. Ота 7-желтоқсан күні Мәскеу қаласында жасалмақшы. Көрмей қалған көзінің орнына да гель құяды дейді. Онсыз орны үңірейіп қалмақ...

Осы кезге дейін қазақ музыкасын зерттеп, қаншама әнді сіңіріп, жеткізіп жүріп Алматыдан үй де ала алмағанын білеміз.

Енді мына қауіп төніп тұр екен!

Не істейміз? “Көп түкірсе көл” деп ортаға барымызды салайық.

Ол кісіге жердем үшін ақша жинауға кіріскенімізді естісе бізге ренжуі мүмкін. Бірақ, басқа шара жоқ, уақыт өте тығыз! Өнер деп өртенген жүректі, көкірегі сөйлеген кеудені жанарсыз қалай қалдырамыз?

КАСПИЙ  мына номерге тіркелген.

87072978531

Зейнеп деп шығады. Ерлан ағамыздың үйіндегі жеңгейлің нөмері. Бей-жай қарамаған, қазақтың әнін бағалаған мұсылман баласы, дұға-тілегіңізді, қолдан келгенді аямасаңыз екен!

Фото: qazaquni.kz

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks