Ақын Нағашыбай Мұқатов өлеңдері
Нағашыбай Мұқатов – 1949 жылы 15 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай селосында туған. Ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
* * *
Тамақтың буы бұрқырап,
Төргі дастархан құлпырад.
Бас ұстаған ақсақал
Бермекші балаға бір құлақ.
Тез өзгергені-ай түрінің,
Тыржитты және мұрынын.
Ауырып тұр ішім деп,
Асырмақ болды қулығын.
Біртүрлі бүгін жанары,
Бейтаныс тағамға балады.
Секем алып, сескеніп,
Жиіркеніп, жиырыла қарады.
Бір отырып, бір тұрып,
Қария көрсе де ұмтылып.
Жемеймін деді мен оны,
Жемеймін деді жұлқынып.
Жедел жүргізбей бір адым,
Жауабын тағы сұрадым:
«Жемейтін басты себебім –
Жумайды ғой қой құлағын».
НЕМЕРЕ
Биіктегі күнім бе,
Бау ішінде гүлім бе,
Санжар атты немере
Бірге толды бүгінде.
Түр-түсі де өзгерді,
Күлкісі де өзгерді,
Қартайған ата-әжеге
Қызық бар ма өзге енді.
Қылығы да сүйкімді,
Қозғалысы да сүйкімді,
Тәттілігін сезген соң
Тіпті ұмыттым ұйқымды.
Қуаныш нұры тараған,
Көзі күлімдеп қараған,
Нағыз бақыт иесі –
Немересі бар адам.
ӘКЕДЕ ӘКЕ БОЛА МА?
Ішің бәрін сезеді,
Ілгеріні кезеді.
Томпаңдаған қызымның
Төрт жастағы кезі еді.
Нәрлі сөзге тоқталдық,
Әңгімеге көп қандық.
Әкем келіп ауылдан,
Мәре-сәре боп қалдық.
Жайшылықта жүгіретін,
Жеткіншек отыр күліп еркін,
Салды атасы әп-сәтте
Сұлу жылқы суретін.
Шыбығындай көк талдың,
Ұшқынындай оттардың.
Бөбегіме жай ғана,
«Әкем ғой менің» деп қалдым.
Мейман жетсе қонаға,
Мейірбан шуақ ол ара.
Қызым айтты қиналмай:
– Әкеде әке бола ма?
ЖАУЫНГЕР
Жайға қарап жатпайын,
Жақсы ойыншығын мақтайын,
Тікұшағы тұр, әне,
Ұшағы да дап-дайын.