457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары анықталды

Төрт номинация бойынша The New York Times газеті жеңімпаз атанды

Колумбия университеті 2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттарын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Төрт номинация бойынша The New York Times газеті жеңімпаз аталып, ал The New Yorker журналы үш марапаттың иегері болды. Сонымен қатар, жетекші ақпараттық агенттіктер – The Washington Post, Reuters және The Wall Street Journal – сыйлықтарға ие болды.

«Қоғамға қызмет» номинациясында журналистік зерттеулер жүргізетін ProPublica ұйымы марапатталды. Олар, түсікке қарсы қатаң заңдар қолданылатын штаттарда дәрігерлердің жедел көмекті кешіктіруі салдарынан қайтыс болған жүкті әйелдер туралы материал жариялаған.

The New York Times газеті АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіз әрекетінің себебін терең зерттегені үшін жоғары бағаланды, ал басылымның фотографы Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекеттен кейін түсірілген фотосуреттер сериясы үшін үздік нәтиже көрсетті.

The New Yorker журналы Газа секторындағы физикалық және эмоционалдық күйзеліс туралы эссе жазып, арнайы марапаттың иегері атанды.

2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары:

Қоғамға қызмет — ProPublica

Жедел хабар тарату — The Washington Post

Журналистік зерттеу — Reuters

Түсіндірмелі материал — The New York Times

Жергілікті репортаж — The New York Times

Ұлттық репортаж — The Wall Street Journal

Халықаралық репортаж — The New York Times

Фоторепортаж (жедел жаңалықтар) — The New York Times

Комментарий — The New Yorker

Фото: Columbia Journalism School