457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Айфон ұрлығының ізі астананың әуежайына қарай апарды

IMAGE: ©igeeksblog.com


Malim.kz. Лондон полициясы Ұлыбритания аумағынан ұрланған телефондарды Қытайға таситын халықаралық қылмыстық топты әшкере қылғанын хабарлады. Бұл туралы BBC News жазыпты.

Қылмыстық топ ұзын саны 40 мың смартфонды Қытай асырды деген күдікке ілініп отыр. Полиция бұл іске - Ұлыбритания тарихындағы телефон ұрлығына қатысты ірі істердің бірі деген баға беріп отыр.

Тергеу барысында 18 күдікті ұсталып, қолды болған 2 мыңнан аса телефон табылыпты.

 

Істің басы

Былтыр тонау кезінде телефонынан айырылған біреу телефоны қай жерде екенін анықтай алыпты. Жәбірленуші электрон құралдар арқылы өзінің телефоны "Хитроу" әуежайының қасындағы қоймада жатқанын біліпті. Қойманың күзеті жәшіктерді тексерген кезде, жәбірленушінің смартфонын тауып алыпты. Қасында тағы 894 телефон жатыр екен.

Тексере келгенде, полиция бұл телефондардың ұрланғанын және Гонконгке жөнелтілгелі тұрғанын анықтапты. Бұдан кейін тағы да осындай жүктер табылып, полиция криминалистикалық сараптама жүргізген. Нәтижесінде екі  адам күдікке ілінді. Полиция күдіктілердің машинасын көшенің ортасында ұстапты, камераларда мұның жазбасы қалыпты. Машинаны тінткенде, ішінен қалайыға оралған телефондар табылыпты: күдіктілер телефондарды осылайша жасырмақ болған. Ұсталған 30 жас шамасындағы 2 ер адамға ұрланған мүлікті иемденді және қылмыстық жолмен табылған мүлікті жасыру жолындағы сыбайластық деген айыптар тағылды. Машинадан - ондаған, ал күдіктілердің қатысы бар деген жерлерден тағы 2 мыңдай телефон табылған. Тергеу барысында үшінші күдікті де айқындалды: ол 29 жастаған Үндістан азаматы болып шықты.

Детектив-инспектор Марк Гэвиннің айтуынша, ұрланған телефондардың алғашқы партиясы халықаралық қылмыстық топты әшкерелеуге жол ашқан. Тергеудің аяғы контрабандистердің халықаралық бандасын әшкерелеуге әкеп соқты. Оның ойынша, бұл қылмыстық топ Лонданда ұралнған телефондардың 40% қатысы бар. Бұларға қоса, полиция осы іске қатысты тағы да 15 тұтқындау операциясын жүргізді.

Соңғы 4 жыл ішінде Лондонда ұрланған телефондар саны шамамен 3 есеге артқан. Ұлыбританияның астанасына елде ұрланатын телефондардың төрттен үші тиесілі.

Полиция министрі Сара Джонстың айтуынша, ол кейбір қылмыскерлердің есірткі сатуды қойып, телефон ұрлауға көшкені туралы естіген. Себеп - пайдасы мол болуында екен. Тергеу барысында көше баукеспелері ұрланған телефон үшін 300 фунтқа дейін алатын болған. Ал олардың кейібірі Қытайда 4 мың фунтқа дейін сатылады екен. Қытайдағы сатып алушылар - бұл телефондардың елдегі цензураны айналып өту мүмкіндігіне қызығатын көрінеді.

Лондон полициясының телефон ұрлығымен күрес бөлімінің бастығы Эндрю Фезерстоун телефон ұрлығына қатысты барлық деңгейдегі қылмыстық ортаны жойдық деп отыр. Оның ішінде көше баукеспелерінен бастап, халықаралық қылмыстық топтарға дейін бар дейді. Олар жыл сайын ондаған мың ұрланған телефон экспорттап келіпті.

 

Полицияға өкпе-наз

Ұлыбритания астанасының полициясы сынға жиі ұшырап жүр. Көптеген жәбірленуші полцияның еш көмектеспейтінін айтады. Полиция тіпті - жәбірленуші "локатор" функциясы арқылы телефонының қай жерде екенін көрсетіп тұрса да міз бақпайтын болған.

Ал Лондон полициясы өз кезегінде әлеуметтік желілерде астана аумағында телефон ұрлығы азайғаны туралы роликтер таратып жүр екен.