АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп пен бұрынғы президент Барак Обама Джо Байденге қолдау білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап. 

"Мелания екеуіміз Джо Байденге қойылған медициналық диагноз туралы жаңалықты естіп, көңіліміз түсіп қалды. Біз Джилл мен оның отбасына жылы әрі ізгі тілектерімізді жолдаймыз, сондай-ақ Джоға тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды қазіргі Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Байденнің қатерлі ісікпен "табандылықпен әрі парасаттылықпен" күресетініне сенім білдірді.

"Мишель екеуіміз Байден отбасы үшін алаңдаулымыз. Қатерлі ісікке қарсы жаңа емдеу әдістерін іздеуде Джодан көп еңбек сіңірген адам жоқ. Ол бұл дертпен өзіне тән табандылықпен, сабырлығымен күресетініне сенімдімін. Біз оның тез әрі толық айығып кетуіне тілекшіміз", – деп жазды Обама X әлеуметтік желісінде.

Джо Байденнің қуықасты безінің қатерлі ісігі

18 мамырда Джо Байденнің баспасөз хатшысы оған қойылған диагноз туралы хабарлады.

"Өткен аптада президент Джо Байден зәр шығару кезінде симптомдар пайда болғаннан кейін, қуықасты безінен түйін табылып, тексеруден өтті. Жұмада (16 мамыр – Ред.) оған сүйекке метастаз берген, Глисон шкаласы бойынша 9 баллмен (5-топ) сипатталатын қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды", - деді олар.

Мәлімдемеде бұл "аурудың аса агрессив түрі" екені айтылғанымен, ісіктің "гормондарға сезімтал екені байқалады, бұл оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді" делінген. Сонымен қатар, Джо Байден мен оның отбасы "дәрігерлермен бірге емдеу нұсқаларын қарастырып жатыр" делінген құжатта.

 

Фото: Evelyn Hockstein/REUTERS

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған