АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің сүйекке тараған обыры диагнозы қойылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
АҚШ-тың бұрынғы президенті 82 жастағы Джо Байденге қуықасты безінің сүйекке тараған обыры диагнозы қойылды. Бұл туралы оның кеңсесі мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, Байден өткен аптада зәр шығару кезінде пайда болған белгілерге байланысты дәрігерге жүгінген. Қаралу нәтижесінде қуықасты безінде түйін анықталып, жұмада оған Глисон шкаласы бойынша 9 балл (5-топ) қойылып, метастаз сүйекке тарағаны анықталған.
Баяндамада аурудың агрессив түрі екені айтылғанымен, ол гормондарға сезімтал, бұл — емдеуге мүмкіндік бар деген сөз.
Қазір Байден мен отбасы емдеудің түрлі нұсқаларын дәрігерлермен бірге қарастырып жатыр.
Фото: Bruce Glikas/WireImage