Автоцистернаның жарылуынан мерт болғандар саны 15-ке жетті

Мехикода 10 қыркүйек күні сұйытылған газ толтырылған автоцистерна жарылды. Оқиға салдарынан мерт болғандар саны 15-ке жетті, 38 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Мексика астанасының денсаулық сақтау министрі Надин Гассман мәлім етті, деп жазады ресейлік ТАСС.
Бізге тағы бір адамның мерт болған хабарланды. Осылайша, құрбандар саны 15-ке жетті, - деп келтірді Гассманның сөзін La Razon басылымы.
Ол сонымен қатар ауруханада 38 адам жатқанын, олардың 14-нің жағдайы ауыр екені хабарланды.
Айта кетейік, 10 қыркйүек күні Мехиконың Истапалла ауданындағы жолайырығында сұйытылған газ құйылған көлік жарылды. 20-дан астам көлік жанып кетті, жақын арада тұрған ғимараттарға зақым келді.
Фото: report.az