«Бәрі таусылғанша соғысу деңгейіне өтті». Неліктен қорғаныс министрі ретінде Андрей Белоусовты тағайындау туралы шешім қабылданды?
Владимир Путин жексенбі кешке қорғаныс министрі қызметіне экономист Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

Бұл қызметте 12 жылға жуық Сергей Шойгу отырды. Путиннің мұндай шешімін ешкім күтпеген. Бірақ бұл ұзақ уақыт соғысқалы отырған мемлекетке тиімді болмақ, деп жазады BBC.
«Енді бізде әскери операция экономикалық қызметтің бір бөлшегі болады. Яғни, бұдан былай соғыс – бюджетті жоспарлау, Орталық банктің ставкасын өзгерту, биржалық ақпар сияқты тұрақтылыққа айналады», - мұндай белгіні Андрей Белоусовтың қорғаныс министрі болып тағайындалуына қарап, экономист Владислав Иноземцев байқаған.
Оның пікірінше, Путин осындай шешімі арқылы соғысты «үкімет қызметінің соңына дейін маңызды бағыт» деп бекіткен.
«Бәрі таусылғанша соғысу деңгейіне өтті. Ал бәрі біткенше соғысу дегеніміз, әскери ресурс, оқ-дәрі тағы басқаны кім көп өндірсе, (сол жеңеді). Яғни, бұл осындай экономикалық тарих», - деп, экономист әріптесімен Помпеу Фабра (Барселона) университетінің профессоры Рубен Ениколопов та келісіп отыр.
Белоусовтың тағайындалуын көпшілік күтпеген жаңалық болды. Мысалы, The Bell басылымы бұл тағайындауды «сенсация» деп бағалады. Ол расында солай: дегенмен, Ресей тарихында азаматтық шенеуніктің қорғаныс министрі болуы бірінші рет емес. Андрей Белоусов өте ерекше кандидатура.
Салыстырмалы түрде, Белоусов мемлекеттік қызметке кеш келді. Академиялық мансап жасаған ол совет кезеңіндегі экономист Рэм Белоусовтың ұлы. 2000-жылы ол макроэкономикалық сараптама және болжам Орталығын құрды. Ал 2005-жылы ол баяндама жасап, 2008-2009 жылдарғы экономикалық дағдарысты дәл болжаған. Сол аралықта Михаил Касьянов, Евгений Примаков сияқты бірнеше үкімет басшыларының экономикалық кеңесшісі болды. Оның ағасы макроэкономикалық анализ және қысқамерізімді болжам Орталығында жұмыс істейді. Ол соғыстың арқасында байыған «жас байларды» ақшасын экономикаға салуға қалай мәжбүрлеуге болатыны жайлы идеялар айтып жүр.
Белоусовтың мансап жолы 2006 жылы экономикалық даму министрі Герман Грефтің орынбасары болған кезден басталды. Ал 2008 жылы ол Владимир Путиннің үкіметінде экономика және қаржы департаментін басқарып, онымен тығыз жұмыс істей бастады. Одан соң экономика министрі, Путиннің кеңесшісі, бірінші вице-премьер, яғни, Михиал Мишустин үкіметіндегі екінші адам болды. Тіпті, Мишустин ауырып қалғанда премьердің міндетін де атқарды.
Оның министр қызметіне ауысуы – 2024 жылы соғысып жатқан Ресейде қызметтік төмендеу сияқты ғана болып көрінеді. Анығында, Белоусов көп көлемде ақша ағымы өтетін ведомствоны басқаруға келді.
Ольга Шамина,
Павел Аксенов,
Виктория Сафронова,
Сергей Горяшко – BBC.
Аударған – Malim.kz.
Фото: ТАСС