Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Әлем
Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен босатты, деп хабарлайды Malim.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болады. 

Ресей президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Сергей Кужугетович Шойгу Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, - деп жазылған хабарламада.

РФ президенті Владимир Путин Қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

Айта кетейік, Ресейде күштік құрылымдардың жетекшілері мен Сыртқы істер министрі қызметіне кандидаттарды Үкімет емес, президент ұсынады. Оларды федерация кеңесі мақұлдауы керек.

Сергей Шойгу – президент қайта тағайындауға ұсынбаған жалғыз министр. Ол Қорғаныс министрі қызметін 2012 жылдан бері атқарған.

Фото: Коммерсантъ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу