БҰҰ бас хатшысы Илон Масктың жынын келтірді

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериштің цифрлық платформалардың қаупі туралы сөзі кәсіпкер Илон Маскты ашуландырды деген malimет келтіреді haqqin.az
Бизнесмен ол туралы өз қарамағындағы X. желісіндегі парақшасында жазды. “БҰҰ-ны қаржыландырмаңдар”, – деген ол жазбасында. Бұл жазбаны ол тағы бір қолданушының: “Гуттериш сөз бостандығына соғыс жариялады” деген жазбасына жауап ретінде жазған екен. Жазбаға - БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериштің брифинг кезінде айтқан – цифрлық платформалар “ғылымды тәрк етіп, жалған ақпарат таратып, миллиардтаған адамды жек көру сезімін оятуға қолданылып жатыр” деген жарияланымы қыстырылған. Гуттериш мұны жаһандық проблема ретінде атап өтіп, оны “айқын да үйлесімді әрекеттермен” еңсеруге үндеген болатын.

Ең көп оқылған
