457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҰҰ алғаш рет Газа секторындағы аштық мәселесін растады

Біріккен Ұлттар Ұйымы алғаш рет Газа секторында апатты аштық жайлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұйымның деректеріне сәйкес, шілде айында бүкіл анклав аумағында аштық көріп отырған отбасылардың саны екі есе артқан. Халықтың шамамен жартысына жуығы күн сайын тамақсыз қалған, бір айдың ішінде 12 мың балаға қатты тамақтанбау диагнозы қойылған.

Халықаралық ұйым Израиль билігін соғысты тоқтатуға және гуманитарлық көмекті кіргізуге шақырды. Алайда Израильдің сыртқы істер министрлігі БҰҰ баяндамасын «ХАМАС қозғалысының өтірігіне негізделген жалған құжат» деп атады.

Фото: © ЮНИСЕФ/М.Натил