Дамаскідегі шіркеуде теракт болды: қаза тапқандар бар

Сирия астанасы Дамаскінің Аль-Дувайла ауданында орналасқан Мар Элиас грек православ шіркеуінде теракт болды, деп хабарлайды Malim.kz Syrian Coast Monitor сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті қауіпсіздік органдарының мәліметінше, кемінде 15 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, террорист діни рәсім кезінде өзін жарып жіберген. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем көліктері мен қауіпсіздік күштері жетіп, зардап шеккендерді эвакуациялап, ауданды қоршауға алды.
Қазіргі уақытта терактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ал билік өкілдері азаматтарды Аль-Дувайла ауданынан аулақ болуға шақырады.
Фото: t.me/newsarmenia

Ең көп оқылған
