457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

14 жастағы жасөспірімге теракт жасады деген айып тағылды

Санкт-Петербургте полиция бекетін өртеуге қатысы бар деп күдікке ілінген 14 жастағы әзербайжандық жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ресейдің Тергеу комитетінің Санкт-Петербургтегі басқармасының мәліметінше, 2 тамыз күні күндіз күдікті жанғыш қоспасы бар бөтелкені Мәскеу алаңындағы жұмыс істемей тұрған полиция бекетіне лақтырып, шатырдың өртенуіне себеп болған. Оқиға орнында ешкім зардап шекпеген, өрт дер кезінде сөндірілген.

Жасөспірім оқиға сәтін суретке түсіріп, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ол ұсталып, тергеу бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол мессенджер арқылы белгісіз адамдардың өзіне бекетті өртегені үшін сыйақы ұсынғанын айтқан. Қазір жасөспірімге қатысты бұлтартпау шарасы таңдау мәселесі қаралуда.

Фото: Maksim Konstantinov/Russian Look/picture alliance