457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Камчатка жағалауында жаңа жер сілкінісі болды: цунами қаупі жарияланды

Тынық мұхитының Камчатка шығыс жағалауында магнитудасы 6,3 жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері түбек елді мекендерінде сезілді, деп хабарлайды Malim.kz Камчаткадағы РФ Ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі орталығының филиалына сілтеме жасап.

Филиалдың Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, эпицентр Петропавловск-Камчатскийден 123 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 46,8 шақырымды құрады.

РФ ТЖМ-нің Камчатка өлкесі бойынша дерегінше, бұл афтершок болған. Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы 7,0-ге дейін жетуі мүмкін. Эпицентр Тынық мұхит акваториясында, Петропавловск-Камчатскіден 114 шақырым шығыста орналасқан.

Аспаптық деректерге сәйкес, дүмпулер Петропавловск-Камчатский мен Вилючинск қалалық округтерінің кей аудандарында 6 баллға дейін сезілген. Халық эвакуацияланбады.

Сондай-ақ, Камчаткадағы цунамиден бақылау және ескерту орталығы есептеулер бойынша мұхиттағы жер сілкінісінен кейін цунами толқыны жетуі мүмкін екенін ескертті.

Фото: pixabay

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған