457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркияда жер сілкінісі болды

Түркияда магнитудасы 6.1 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Anadolu Ajansı хабарлайды.

Кеше, жексенбі, 10 тамызда Түркияда зілзала соқты.

Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және қалпына келтіру басқармасының (AFAD) мәліметінше, сілкіністің эпицентрі Түркияның батысында, Балыкесир провинциясының Синдирги ауданында болған.

Зілзаланың ошағы 11 шақырым тереңдікте болған.

Түркияның Ішкі істер министрі Әли Еркайдың айтуынша, зілзаладан зардап шеккендер жоқ.

Балыкесир провинциясында бірнеше ғимарат бүлінді деген хабар тарады.

Жер сілкінісі Түркияның басқа бірнеше қаласында да сезілген.

Фото: Anadolu Ajansı