Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті
Франциск Папа қызметіне 2013 жылы тағайындалған болатын

Ватиканның хабарлауынша, Рим Папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.
Қасиетті Тақтың басшысы болған Франциск католик шіркеуін ұзақ жылдар бойы басқарды. Оның есімі адамгершілік, бейбітшілік пен дінаралық диалогты нығайтумен байланысты.
Қазіргі уақытта Ватикан ресми мәлімдеме дайындап жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен дінбасылар мен саяси көшбасшылар Папаның қазасына байланысты көңіл айтуда.
Франциск Папа қызметіне 2013 жылы тағайындалған болатын. Ол тарихтағы Латын Америкасынан шыққан алғашқы Рим Папасы ретінде белгілі.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
