Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Сикст капелласының мұржасынан ақ түтін шықты, деп хабарлайды Malim.kz Vatican News порталына сілтеме жасап.
Ватиканда жиналған Рим-католик шіркеуінің 133 кардиналы құпия конклав барысында жаңа Рим папасын сайлады.
Ақ түтін шыққаннан кейін халық Әулие Петр алаңына жинала бастады. Мыңдаған адам мұнда алдын ала келіп, белгі берілер сәтті күтіп тұрған болатын.
BBC мәліметінше, Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы болып америкалық кардинал Роберт Франсис Прево сайланды. Ол Лев XIV деген есіммен танылатын болады.
Ватиканның хабарлауынша, Әулие Петр базиликасының балконына кардинал Доминик Мамберти шығып, латын тілінде: «Habemus Papam!» – «Бізде жаңа папа бар!» деген сөздерді жария етті. Бұдан кейін ол жаңа понтификті таныстырып, оның шіркеу басшысы ретіндегі есімін атады.
Фото: Franco Origlia/Getty Images