Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

26 сәуір күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында Рим папасы Францискке арналған қаралы месса өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Рәсімді 91 жастағы кардиналдар коллегиясының деканы Джованни Баттиста Ре басқарады. Францисктің қайтыс болғанынан бес күн өткен соң, ол Римде жерленетін болады.
Богослужение рәсіміне 224 кардинал және 750 епископ қатысып отыр.
25 сәуір күні Әулие Петр базиликасында Францисктің табытын жабу салтанаты өткен болатын. Осыдан кейін түні бойы табыт жанында дұға оқу шеруі ұйымдастырылды.
23-25 сәуір аралығында шамамен 250 мыңға жуық қажы храмды келіп көрген, деп хабарлайды Vatican News порталы. Месса кезінде табыт базиликаның алдындағы алаңға шығарылды.
Фото: Remo Casilli/REUTERS

Ең көп оқылған
