457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сенатор Грэм: Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді құптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын алға жылжытуды қолдаған. Мұны осы бастаманың авторы, республикашыл сенатор Линдси Грэм ABC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Кеше, біз гольф ойнап жүргенде, президент алғаш рет маған осы заң жобасын алға жылжытатын уақыт келгенін айтты, – деді Грэм.

Оның сөзінше, сенаторлар Трампқа Ресей президенті Владимир Путинді Украина жөнінде келіссөз жүргізуге мәжбүрлейтін құрал беріп отыр.

Бұған қоса Грэм заң жобасы қалай жұмыс істейтінін де айтып берді. Егер әлдебір ел Ресейден тауар сатып алып, алайда Украинаға көмек көрсетпесе, онда сол елдің АҚШ-қа экспортына 500 пайыз көлемінде кеден бажы салынады. Сенатор сондай елдерге мысал ретінде Үндістан мен Қытайды атады, себебі олар Ресейден энергия ресурстарын сатып алып, Ресейдің қорғаныс саласына қолдау танытып отыр.

Грэмнің сөзінше, бұл бастаманы қазірдің өзінде 100 сенатордың 84-і қолдаған. Құжат шілде айындағы үзілістен кейін, 7 шілдеден бастап қаралады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы қарама-қайшы пікірлер білдірген еді – біресе оларды енгізуге дайын екенін айтса, енді бірде Мәскеу мен Киев арасындағы болуы ықтимал келіссөздерге кедергі келтірмеу үшін санкция салудан бас тартқысы келетінін мәлімдеген.

The Wall Street Journal басылымы дереккөздерінің хабарлауынша, Ақ үй сенатор Грэмді Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасын жұмсартуға көндіруге тырысқан. Сенаторға заң жобасына Трампқа санкцияны кімге немесе неге қолдану керектігін өзі шешуіне мүмкіндік беретін өзгертулер енгізу ұсынылған. Оған қоса құжаттағы "міндетті" деген сөзді "мүмкін" деген сөзге алмастыру жөнінде ұсыныс жасалған, олай болған жағдайда заңдағы талаптың міндетті сипаты жойылады деп жазды басылым.     

Фото: АР