457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тигран туралы естелік оның өлімінен бес күн бұрын түсірілген

IMAGE: ©1news.az

Ресей мемлекеттік пропагандасының көрнекті өкілі, қазақстандықтарға доқ көрсетуімен әйгілі Тигран Кеосаянның ауруханада көз жұмуы барған сайын құйтырқы мәліметтермен толығуда. Өткенде оның қай зиратқа қойылатыны құпия болып қалғанын жазған болатынбыз.

Енді, TV Rain арнасының журналисі Юлия Таратута тағы да бір құйтырқы мәліметті жария етті. Журналистің айтуынша, ресейлік телеарна Тигран Кеосаянды еске алу отырмағын ("квартирник") оның өлімінен 5 күн бұрын түсірген. Ал Тигран жұмыс істеген НТВ арнасы оның өлімі туралы хабар шыққан соң, небәрі бірнеше минуттан кейін ол туралы ролик көрсеткен. Ондай роликті мұндай қысқа уақытта дайындау мүмкін емес дейді журналист.