Тигран Кеосаянның қайда жерленгені белгісіз

Дереккөз және фото: ©wooman.ru
Бұл туралы Wooman.ru басылымы жазыпты.
Қазақстандықтарға қоқан-лоқысымен белгілі ресейлік пропагандашы Тигран Кеосаянның қайда жерленгені белгісіз. Отбасы бұл ақпарды құпияда ұстауды шешкен сияқты.
Оны шығару рәсімі Армян шіркеуінде өткені белгілі. Бірақ, табыттың әрі қарай қайда әкетілгені белгісіз. Басылымның жазуынша, қоштасу рәсімі кезінде біршама адам сыбырлап сұрастырса да, бұған жауап болмаған. Жақындары оның моласын бүлдірушілер де табылуы мүмкін болғасын қойылған жерін жасырын ұстауды шешті деп топшылайды басылым. Осы тұспалдың растығынан ресейлік продюсер Иосиф Пригожиннің айтқан сөзі жанама дәлел болатындай. Ол:
«Бұл - жақындарының шешімі және оны талқылауға хақым жоқ. Бұл дүние қатігез және адамдар да залым. Отбасының осылай шешіпті және оны дұрыс деп есептеймін. Бұл - олардың шешімі», —
депті.