TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Мьянмада 21 жастағы TikTok астрологы Джон Мо Те жер сілкінісін болжағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

NDTV дерегінше, ол 9 сәуірде болған 7,7 баллдық жойқын жер сілкінісінен кейін тағы да ірі дүмпу болады деп ескерткен.

Джон Мо Те 21 сәуірде "Мьянмадағы әрбір қалаға жер сілкінісі әсер етеді" деп хабарлап, адамдарды маңызды заттарын алып, ғимараттардан қауіпсіз жерге көшуге шақырды. Оның TikTok-та жарияланған бейнесі үш миллионнан астам қаралым жинады.

Көптеген тұрғын оның ескертуіне сеніп, 21 сәуірде көпқабатты үйлерден қашық жерлерде уақытша лагерьлер құрды. Сол күні астролог рейд барысында ұсталып, TikTok-тағы аккаунты өшірілді.

Қазір жер сілкінісі мен гуманитарлық дағдарыс Мьянманың қалпына келу процесіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Каспий теңізінде жер сілкінді

27.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 150-ден астам адам жарақат алды

23.04.2025

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

23.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

22.04.2025
MalimBlocks
Каспий теңізінде жер сілкінді

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 150-ден астам адам жарақат алды

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді