Көп құдайға сенетін Талғат: адамдар ішіме жын кірген деп ойлайды

Қазақстанда қазіргі кезде 3000-нан аса діни бірлестік бар. Ислам, православ христиандар мен буддашылар және тағы басқа түрлі қауым өкілдері бірлестіктері ресми тіркелген. Әр діннің өз наным-сенімі бар, дәстүрі бөлек. Ал Талғат есімді кейіпкеріміз өзін тек бір діннің өкілімін деп есептемейді. Ол бірде-бір дінді, ешбір құдайды жоққа шығармайды. Мұсылман отбасында өскен Талғат қалай политеистік жолға келгені жайлы Malim.kz тілшісіне айтып берді.

Айшолпан КЕРІМ

  • 14.05.2021

                                       "Бірнеше Құдайға сенемін"

Ес білгелі діннен алыс екенімді сезетінмін. Тіпті өзімді «атеистпін» деп, Құдайға сенбейтінімді де айтып жүрдім. Бірақ үнемі басқа бір әлем бар екенін де сезетінмін. Жыл өткен сайын атеистік ұстанымыма сенімдірек бола бастадым. Кейін эзортерикаға келдім. Алғашында қарапайым картада бал ашып жүріп, артынан Тароға қызыға бастадым. Соңында қалай сиқырмен айналыса бастағанымды сезбей де қалдым.

Сиқыр әлеміндегі жұмысым қызық: белгілі бір Күш иесін, яғни Құдайларды шақыру үшін түрлі ритуалдар жасаймын. Сол жоралғылар іске аса бастағанда, Жоғары Күштің бар екеніне толық көзім жетті. Сиқырда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін әртүрлі Құдайлармен жұмыс істеу – басты талап. Осылайша политеизмге келдім, бірнеше Құдайға сенемін. Қазіргі заманда политеизм бір жаңа құбылыс емес қой. Тіпті дін пайда болып, таратылмастан бұрын да өмірде көп құдай бар екені дәлелденген нәрсе деп ойлаймын. Кезінде адамдар тәңіршіл бола тұра, қиын-қыстау шақта Жер, Күн мен Суға сыйынып, көмек сұраған. Өтініштері де жауапсыз қалмаған.

Діни ұстанымдарымның қалыптасуына отбасымның әсері бар деп те айта алмаймын. Мен қарапайым отбасыда өстім. Ата-анам өздерін мұсылманбыз дейді, Аллаға сенеді, бірақ артық фанатизмсіз, қатардағы қазақстандық отбасы. Менің діни сенімім басқа екеніне қарамастан, олар мені сынға алған емес. Сын-пікір, негатив әдетте достарым мен таныстарым тарапынан болады.

Достарым, шынында, біртүрлі сұрақтар қояды. Бірақ оларды да түсінуге болады. Есесіне нәтижеде күлкілі, қызық бір диалог пайда болады, мен оған ренжімеймін.

"Кейбіреулер маған «шайтансың» дейді"

Менің дүниетанымымды түсінбейтін, жақтырмайтын адамдарға түсіністікпен қараймын. Рас, кейде оппонент пікірінің дұрыс екенін дәлелдеуге тырысып, мәнсіз әңгіме, бәс туындайтын жағдайлар болып тұрады. Мұның соңы жақсы болмайтынын сезіп, бірден әңгімені аяқтауға тырысамын. Осы себептен болса керек, басым үлкен бәлеге кіре қойған жоқ. Есесіне әңгіменің түр-түрін естідім: діншілдер «Құлағыңа әзәзіл сыбырлап отыратын шығар», «Ішіңе жын кірген» десе, кейбіреулер өзімді шайтан деп те атайды.

Фото кейіпкердің жеке архивінен

"Құлағыма әзәзіл сыбырлап тұрмайды, бәрі білім жолымен келді"

Негізі картаға келуім қызық болды. Бірінші курстың соңында болашақты болжап, алда не күтіп тұрғанын білгім келді. Болжамым орындала бастағанда, қызығушылығым арта түсіп, достарым Таро карта колодасын сыйлады. Алғашында өзіме, достарыма болжам жасап жүрдім. Кейін мүлде таныс емес адамдар келе бастады, осылайша бұл іс менің кәсібіме айналып кетті.

Таро – дүние туралы сұрақтарға жауап беретін, сананы өзгертетін құпия білім символдары, үлкен жүйе. Бұл бір абстракция емес, үлкен ғылым, карталар көрсететін жауаптар мен образдарды түсіне білу үшін көп оқу керек.

Құлағыма әзәзіл, шайтан сыбырламайды. Айтқанымдай, бәрі білім жолымен келді. Политеизмге қатысты кітап, дерек, фильмдер көп. Бірақ менің діни ұстанымым мен қазіргі өмір салтымды анықтауға ондай әдебиеттердің ықпалы болған жоқ. Мен тек сиқырда қолданатын салт-жоралғылар жайлы кітаптарды оқимын, оны іздесе, кез келген адам таба алады. Бірақ ритуал кітаптар – құпия білім көзі, сол себепті, оның тізімін ашық жариялай алмаймын. Мұнан бөлек анам жақтан да, әкем жақтан да ата-бабаларамыз арасында көріпкел, балгер адамдар болған екен. Өзімнің осы салада ізденуім, білімімді шыңдауым мен ген арқылы берілген қабілет бірігіп, табысты болуыма әсер етті деп ойлаймын.

Фото кейіпкердің жеке архивінен

Көмек сұрап келетін адамдар да әртүрлі: бірі скептик, сенбесе де, көргісі келіп тұрады. Арасында күнде қала кезіп, тарологтарға баратын сенгіштер де бар.

Көп жағдайда адамдар қаржы, қарым-қатынас, дуаның бар-жоғын біліп, болашағын болжату үшін келеді. Тіпті адамның өлім себебін анықтап, жоғалған адамды тауып бер деп келетіндер де болады. Түрлі жағдай бар.

"Ұсақ-түйекке бола секунд сайын Құдайды мазалай берген дұрыс емес"

Мен Құдайдан жауап алу үшін бір тылсым нәрсе жасамаймын. Бастысы клиенттің энергиясын сезіне білу керек. Политеистпін деп бар құдайдың бәріне сеніп отыра да бермеймін. Әр сұраққа байланысты қай құдайдан көмек сұрайтынымды шешемін. Бірақ қез келген сұрақ бойынша құдайдан көмек сұраймын деп айта алмаймын. Ұсақ түйекке бола секунд сайын мазалай берген дұрыс емес. Адам көмек сұрап келген, жауабын өзім білуім мүмкін, білмесем, картадан қараймын. Немесе өзімнің сиқыр қабілеттерімді қолданып, кейде Жоғары Күш – Су, Ауа мен Отқа табыну арқылы жауап іздеймін.

Фото кейіпкердің жеке архивінен

Қазір медициналық университеттің 6 курс студенті, интерн-дәрігермін. Сиқыр, Таро өмірімінің бір бөлшегіне айналды. Бұл өмірге адамдарға осы қабілетім арқылы көмектесу үшін келдім деп ойлаймын. Осы ретте болашаққа үлкен жоспарларым бар. Медициналық білімім мен құпия күштерімді байланыстырып, адамды емдеп-жазудың жаңа әдісін ойлап тапсам деймін

Байланысты жаналықтар

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

29.03.2025

Башқұрттардың «Homay» әнінің саяси астары бар ма?

28.03.2025

Адамдардың өсекке араласып кететіні жанға батады - Айдар Тұрғамбек

18.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

07.03.2025

«Төрт әйелі мен зәулім сарай иесі»: Имамға жала жапқан таксиші жазаланды

07.02.2025
MalimBlocks
Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,

Башқұрттардың «Homay» әнінің саяси астары бар ма?

Дала заңымен жүріп, өніп-өскен халық мыңдаған жылдар түркілік ныспысын сақтап қалғаны  сөзсіз

Адамдардың өсекке араласып кететіні жанға батады - Айдар Тұрғамбек

Өнер иесі сынға қалған діни ұстазға араша түсті

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

Жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырған

«Төрт әйелі мен зәулім сарай иесі»: Имамға жала жапқан таксиші жазаланды

Ол 707 760 теңге айыппұл төлейтін болды