Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Экология
Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Астанада қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Елорда тұрғындарының ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз және басқа да реагенттер себіледі.

Қаланың бес ауданының аумағында 600-ге жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы мұздан тазартады.  

Коммуналдық қызмет толықтай дайын және қала аумағын жедел жинау үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын көшелер, аялдамалар және тротуарлар тазаланады, деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Қазгидромет мәліметінше, 13 қазанда түнде және таңертең 15-20 м/с екпінмен қарлы боран соғып, көктайғақ болады және солтүстік-шығыстан жел күтіледі.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу