Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуға тиіс.

Malim Админ

  • 07.06.2024

Биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Бұл туралы колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралған кеңесте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуға тиіс.

Қазірде 1540 орынға арналған 7 жатақханада тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, келер оқу жылына студенттерді қабылдауға әзір. Құрылыс немесе реконструкция жұмыстарын жүргізу бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жол карталары дайындалды. Жоспарланған нысандардың дені қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек, — деді Талғат Ешенқұлов.

Үкіметтегі жиын барысында әр нысандағы жұмыс қарқыны жекелей қарастырылды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі бүгінде құрылыс, реконструкция қарастырылған ғимараттардың басым көпшілігінде жұмыс 75% деңгейінен жоғары орындалғанын жеткізді. Үш нысандағы тиісті жұмыстар 50% шамасында атқарылған. Олар Алматы қаласы мен Ақмола, Қызылорда облыстарына тиесілі.

Аймақ әкімдерінің орынбасарлары барлық шаралар жоспарға сай аяқталады деп сендірді.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәселенің маңыздылығына ерекше тоқталып, тиісті тапсырма берді.

Құрылыс маусымының уақыты шектеулі. Сондықтан жауапты министрліктермен қатар облыс әкімдіктері жұмыстың уақтылы әрі сапалы атқарылуын тұрақты түрде қадағалауы керек. Нысандардағы құрылыс, реконструкция шараларының қарқынын апта сайын қарастырамыз. Бұл жұмысқа жеке кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары екені байқалады. Сол себепті жатақхана салуға ниетті бизнес өкілдеріне қажетті жағдай жасауға қатысты шараларды қарастыру қажет, — деп атап өтті вице-премьер.

Былтыр 10 304 орынға арналған 43 ғимарат пайдалануға берілген. Алайда демографиялық өсім қосымша орындарды қарастыруды қажет етеді. Осы ретте Ғылым және жоғары білім министрлігі ұзақмерзімді жоспарды да өзектендіруді қолға алды.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks