457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Енді мектеп мұғалімдері цифрлық платформа арқылы таңдалады

«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды,- деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.


Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құралы — career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты.

— Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті. Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды портфолио қалыптастырылады, — деп түсіндірді ведомство.

Қазіргі таңда платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді. Олар кандидаттарды өңірі, пәні, біліктілігі бойынша тиімді таңдай алады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен кіріктірілген, бұл — мәліметтердің дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

Платформаның негізгі мүмкіндіктері:

• жас педагог туралы толық электронды карта;

• директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы);

• смарт сүзгі: нақты пән, өңір және мамандығы бойынша іздеу;

• жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде есепке алу.

Фото: pixabay