Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың анасы 990 мың долларды қайдан алғанын айтты

Құқық
Бишімбаевтың анасы 990 мың долларды қайдан алғанын айтты
©Tengrinews.kz

Жанжалды іс бойынша сотты болған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сот барысында 990 мың долларды қайдан алғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымы жазыпты.

Тергеу барысында прокурор Нұрлыбековадан осынша ақшаны қайдан алғанын сұраған. Бишімбаевтың анасы бұл ақшаны адал жолмен тапқанын, жылдар бойғы кәсіпкерліктің жемісі екенін айтыпты.

Альмира Нұрлыбекованың айтуынша, ол 1993 жылдан бері бизнеспен айналысқан. 2003 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қызылорда нарығына конфеттер, мандарин мен апельсин сатып жүріпті.

Бұдан кейін, Тараз қаласында мектеп, сосын - спа-салон ашқан. Екі қабатты үйі мен бөлме сатып, университет ашыпты. 2007 жылы бөлмелердің бірін миллион долларға сатып жіберіпті.

Альмира Нұрлыбекова бұдан кейін Шымкент қаласына көшіп барыпты. Онда түлектерді жұмысшы мамандықтарға баулып, консалтинг компаниясын және стоматологияға қажет химиялық препараттар шығаруды қолға алған екен.

Осылайша, Альмира Нұрлыбекова миллион долларды заңды жолмен тапқанын жеткізді.

Сонымен бірге, 2017 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін тексергенін, еш заңсыздық таппағанын атап өтті.

Қазір Бишімбаеваның анасы Бекзат Кемелова деген әйелмен соттасып жатыр. Оның айтуынша, Бекзат Кемелова үйіңді Антикор тінтеді деп, жасыра тұруға миллион доллар алып, кейін қайтармай қойған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу