Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың анасы туысын 1 млн доллар ұрлады деп сотқа берді

Қоғам
Бишімбаевтың анасы туысын 1 млн доллар ұрлады деп сотқа берді
Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова өз туысы Бекзат Кемелованы ірі көлемде ақша жымқырды деп айыптап, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Айыптау тараптың айтуынша, Нұрлыбекова Кемелова мен оның жұбайына 1 миллион долларды сақтау үшін тапсырған, алайда кейін ақшасын қайтара алмаған.

Мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Абдрахманованың сөзінше, Кемелова Нұрлыбекованың ұлына қатысты қылмыстық іс кезінде күйзеліске түскен сәтін пайдаланып, Антикор мүлкін тәркілеуі мүмкін деген сылтаумен ақшаны өзінде қалдырған.

Айыпталушы тараптың қорғаушысы, адвокат Игорь Вранчев бұл айыптауларды негізсіз деп атады. Оның айтуынша, іс – екі отбасы арасындағы жеке жанжалдың салдары.

«Менің қорғауымдағы Кемелова ешқандай қаржыны иемденген жоқ. Барлығы отбасылық кикілжіңнен туындаған. Оның жұбайы — бұрынғы сот-медициналық сарапшы — Бишімбаевтар отбасына Салтанат Нүкенова ісі бойынша көмек көрсетуден бас тартқаннан кейін жанжал ушыққан», — деді адвокат.

Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокат Ерлан Газымжанов қорғайды. Ол бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы болған.

Еске сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Өткен жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды, қазір ол жазасын өтеп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу