Әлемдік креативті индустрия Алматыда талқыланып жатыр

Алматы қаласында креативті индустрия бойынша 22 мың кәсіпорын жұмыс істейді

  • 02.11.2022

 

Әлем сәт санап дамып жатыр. Технология күн сайын өзгереді. Осындай сәтте кез келген сала әлемдік жылдамдыққа ілесе алуға тиіс. Әлемдік көшке ере алғандар ғана өз табысын арттырып, ісін ілгерілете алады, әлесе алмағандар бүгін болмаса ертең үлкен проблемамен бетпе бет келеді.

Ондайды болдырмау үшін не істеу керек? Алматыда осы сұраққа жауап беретін үлкен көлемдегі апталық өтіп жатыр. Онда бірнеше елден келген спикерлер сөз сөйлеп, тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті дамыту, жаңа технологияларды меңгеру, креативті индустрияны дамыту төңірегінде келелі кеңес жүріп жатыр деуге болады.

Жалпы, креативті индустрия түсінігі коронавирус пандемиясынан кейін қоғамға, адамдардың санасына мықтап сіңді. Оны қарапайым тілмен сипаттайтын болсақ шығармашылық саладағы заманауи технологияларға басымдық беру арқылы табыс табу дегенге келеді. Бұл жерде ең басымдық берілетіні бағыт жасанды интеллектілерді дамыта отырып, соның есебінен бизнес пен өндірістің кез келген саласын жандандыру. Қазір Алматы қаласында креативті индустрия бойынша 22 мың кәсіпорын жұмыс істейді екен. Бұл өте орасан көрсеткіш.

2021 жылы әлем пандемиядан кейінгі әлем экономикасын көтерудің негізгі бағыты ретінде осы креативті экономиканы ұсынған. Тіпті Біріккен Ұлттар ұйымы 2021 жылды креативті экономика жылы деп атады. Содан бастап, бүкіл әлем бұл сөзді жиі айтатын болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев креативті экономиканы қолдау мақсатында қазақстандық талапты жастарды  қолдап, оларға креативті индустрия аймағын қалыптастыру керек екені жайлы айтқан.

«Бүгінде еліміздің тарихи және мәдени мұрасын тиімді қолдану маңызды болып отыр. Бұл бағытта Қазақстанның айтарлықтай мүмкіндігі бар. Дегенмен бұл сала саясатын қайта қарау қажет-ақ. Бүгінгі таңда мемлекет тек белгілі бір қайраткерлердің жобасын қолдап және ол үшін ауқымды мемлекеттік қаражат жұмсалып жатыр. Біздегі жас әртістер, әнші, театр және өнер саласы қызметкерлері жеке меценаттардың есебі арқылы ғана таланттарын танытып жүр. Сол өнер жұлдыздарының арқасында Қазақстанның аты әлемге шығып жатыр. Сондықтан да Үкімет сала сарапшыларымен бірлесе қарастыра отырып, жыл соңына дейін нақты іс-шара ұсынуы тиіс. Ол мәдениетімізді жаңаша бағытта насихаттап, дамытуға арналуы тиіс. Сол секілді елімізде креативті индустрияны қолдау қорын ашу мүмкіндігін қарастырған жөн», - деген президент былтыр ғана.

Осыдан бастап жіті мән беріле бастаған салаға қызығушылар саны да күрт асты. Күні бүгін Алматыда өтіп жатқан халықаралық апталықтың өзі осыған дәлел. Қазақстанның әлемдік кретаивті индустрия бойынша өзіне назар аударта бастауы деп қарастыруға болады. Еліміздегі ең үлкен ммегаполисте өтіп жатқан Almaty Creative Week апталығына әлем бойынша танымал 30 халықаралық ұйымнан 130 спикер қатысып жатыр. Кеі көлемді, 5 күнге созылатын форумға Нидерланды, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б. елдердің өкілдері қатысып, креативті сегмент ұйымдары мен білім беру орталықтары және креативті хабтар тартылыпты.

Форумның ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қатысып, арнайы сөз сөйледі. Ол Алматы қаласында креативті индустрияны дамыту үшін барлық қажетті ресурс жеткілікті екенін айтты. Қазір қаладағы 22 мың осы салаға жататын шағын және орта бизнес өкілдері мемлекет қазынасына 5,4 миллиард теңге салық төлепті. Бұл, әрине, бұл саланың қаншалықты дамып жатқанын көрсетеді.

«Бүгінгі форум Алматы қаласы мен креативті қоғамдастықтың барлық өкілі үшін ашық сұхбаттасу, тәжірибе алмасу, креативті индустрияның сапалы әрі үдемелі дамуына қажетті жаңа бизнес үлгісін анықтау мүмкіндік береді. Біздің даму бағытымыз сәулет, дизайн және заманауи өнер, музыка, кино және анимация, сән және қолөнер, жаңа медиа және цифрлық мәдениет, киберспорт және гейм-девелопмент саласында өрбитін болады», – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Әкімдік өкілінің айтуынша, креативті өндірісті дамытуға қала әкімдігінің қызығушылығы да, өолдауы да аз емес. Тиісті инфрақұрылым қалыптастыру, кәсіпкерлікті ынталандыру, аталмыш саладағы білім мен дағдыны кеңейту және құзыретті арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

«Алдағы уақытта Алматыда 3 креативті хаб, IT хаб, қалалық венчурлық қор және халықаралық деңгейде екі бейне және дыбыс жазу студиясын ашу жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай креативті индустрия саласын кешенді дамыту Алматының жалпы өңірлік өніміндегі креативті индустрия үлесін 5%-ға дейін жеткізіп, креативті индустрия экспортының қызметін 500 млн. АҚШ долларына дейін арттырып, оны экономикалық маңызды салаға айналдыруға мүмкіндік береді».

Креативті индустрия тек азаматтарға кәсібін дөңгелетіп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлемдік мәдениеттердің тоғысуын, тәжірибе алмасуын және сол арқылы ұлттардың жақындасуына мүмкіндік береді. Форумға қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қазіргі таңда Кәсіпкерлік кодексіне және «Мәдениет туралы» Заңға креативті индустрияға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр деп қалды. Демек, бұл саланы дамыту мен қолдау ғана емес, оны қорғау да мемлекет деңгейінде жүргізіліп жатыр деуге болады.

Ескерте кетейік, апталық аясында көрмелер, перфоманстар, шеберлік сыныптары сияқты қызығушылық танытқан талапкерлер мен осы саланың өкілдері үшін өте пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Тағы бір креативті шара – Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының арасында Dota 2 түрінде Almaty Creative Week Esports Cup 2022 киберспорт турнирі өтетін болады.

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры