Ассамблея мүшелері «Қазақтану» ақпараттық ресурсын құруды ұсынды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.

Айбек Ережеп

  • 05.11.2022

«Достық үйі» базасындағы  «Бірлік алаңының» жұмысымен танысып, жергілікті этнос өкілдерімен «дөңгелек үстел» басында ашық пікір алмасты.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында бірлесе атқаратын жұмыстарға тоқталған министр үшінші мегаполис тұрғындарының берекелі бірлік жолын жалғап отырғанына алғыс айтты.

– Ұлысымыздың ұйытқысы атанған оңтүстік жұртшылығы әрдайым игі істердің бастамашысы болып отыр. Қалалық ассамблея мүшелері қоғамдағы тұғырлы татулығымызды бекемдеп, қайырымдылық бағытындағы жұмыстарға тұрақты атсалысуда, - деді Дархан Қуандықұлы.

Жиында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов қалалық ассамблеяның атқарған жұмыстарын баяндап, өзара бауырластықты нығайтуға арналған іс-шараларды республикалық деңгейде ақпараттық қолдау көрсетуге шақырды. Славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова «Қазақтану» жобасы бойынша іске асып жатқан бастамаларды айтып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы «Қазақтану» арнайы ақпараттық ресурсын құруды ұсынды. Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов инвестиция тарту, «Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің басшысы Нұрболат Мейірбеков жастарды қолдау туралы сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Ассамблея мүшелерін тыңдаған министр ұлтымызды ұйыстыратын тың жобаларға мемлекет тарапынан әрдайым демеу болатынын жеткізіп, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді дамыту мен «Қазақтану» жобасын жаңғыртып, дамытуға қолдау білдіретінін атап өтті.

– Шымкент шырайлы шаһар болуымен қатар, шұғылалы өңір. Бүгінде қала аумағында тұратын этнос өкілдері берекелі бірлік жолындағы бастамалар аясына топтасып, елдік жолындағы істерге атсалысып келеді.

Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс. Бұл бағытта шымкенттік ассамблея мүшелері өзге аймақтарға үлгі бола алады, - деді министр.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 1 миллион 112 мыңнан астам халық тұрады. Ұлттық құрамы бойынша тұрғындардың 30%-дан астамын этнос өкілдері құрайды. Қала аумағында 17 этномәдени  бірлестік  және олардың жанында 19 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп әрекет етеді.

Байланысты жаналықтар

Оқушылар өлең оқудан жарысты

09.09.2024

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

20.03.2024

Халық бірлігін сақтауға шақырамыз!

23.08.2022

Тоқаев Ассамблеядағы орынбасарларын ауыстырды

28.04.2022

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

21.10.2021

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті

28.04.2021
MalimBlocks
Оқушылар өлең оқудан жарысты

Шара Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

Халық бірлігін сақтауға шақырамыз!

Тоқаев Ассамблеядағы орынбасарларын ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары өзгерді.

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді деп хабарлайды akorda.kz 

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті