Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Сұлу Бөлек

  • 24.04.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясындағы сөзінде блогерлер мен журналистер туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

“Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Сол себепті біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз. Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті. Олар шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр. Бүгінде мұны бәрі біледі. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды. Еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны нақты түсінген жөн.

Жақында шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттері әшкереленді. Сонда олардың арам ниеті, ашкөздігі мен Қазақстанға жаны ашымайтыны анық көрінді. Сондай-ақ кейбір танымал қазақстандық грант алушылардың көлеңкелі әрекеттері де белгілі болды. Қазақстанда проблема жоқ демейміз. Әрине, басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз. Осындай қисынды әрекеттерімізді халқымыздың басым көпшілігі мен ниеті адал халықаралық серіктестеріміз дұрыс түсінетініне сенімдімін. Идеологиялық өшпенділік – біздің дүниетанымымызға мүлде жат. Дәстүріміз бен құндылықтарымыз, болмысымыз бен өмір салтымыз ұлтымызды біртұтас тарихи-мәдени және саяси қауым ретінде біріктіріп, тұтастығын бекемдейді”, - дейді ол.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

24.04.2025

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

23.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

23.04.2025

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

22.04.2025
MalimBlocks
Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

Президент Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе беріліп, ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналғанын айтты

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды