Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атақты Андреа Бочелли қазақтың шапанын киді

Мәдениет
Атақты Андреа Бочелли қазақтың шапанын киді

Италияның аты аңызға айналған әншісі Андреа Бочелли Алматыға гастрольдік сапармен келіп, қазақтың дәстүрлі шапанын киді, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

28 қазанда Almaty Arena сахнасында өткен концерт кезінде әйгілі тенор өзінің Instagram парақшасында Алматыға сапарынан алған әсерімен бөлісті. Суреттердің бірінде Бочелли қоңыр түсті, жағалы ұлттық шапан киіп тұрған сәті бейнеленген.

66 жастағы Андреа Бочелли — әлемге танымал опера әншісі әрі композитор. Ол 15-тен астам студиялық альбом шығарған, ал оның ерекше дауысы классика мен поптың үйлесімін көрсетеді. Бұл концерт Бочеллидің Қазақстандағы алғашқы жеке өнер көрсетуі болды.

Almaty Arena залы лық толып, тыңдармандар әлеуметтік желілерде атақты тенордың тікелей орындауындағы әсерлі концерт жайлы жылы пікірлер қалдырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу