Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Барселона автобустарына Димаш Құдайбергеннің суреті ілінді

Мәдениет
Барселона автобустарына Димаш Құдайбергеннің суреті ілінді

8 қарашада Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды. Қазіргі таңда қаланың көшелерінде әншінің суреті мен концерті туралы ақпарат ілінген автобустар жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушы ең көп мінетін В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. Бұл бағыттардың бірі тікелей Димаш өнер көрсететін Олимпиада аренасының алдынан өтсе, екіншісі – үлкен Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша күн сайын мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақстандық әншінің бейнеленген афишаларын көре алады.

Бұл – нағыз фантастика! Үздіксіз еңбектің нәтижесі осындай тамаша жетістікке жеткізді. Енді Димаш Барселонаның көшелерінен “жүріп өтетін” болды. Бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан әр жанкүйерге алғысымыз шексіз, – деп испаниялық жанкүйерлер өз қуаныштарымен бөлісті.

Фото: dimashnews.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу