Геральдика саласын біріздендіру мен насихаттауға баса мән беріледі

Malim Админ

  • 26.02.2024

2022 жылдан бері өз жұмысын бастаған Ғылыми-әдістемелік кеңестің бұл 2024 жылғы алғашқы отырысы.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты геральдика саласын насихаттау және біріздендіру болып табылады. Кездесуде ең алдымен Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Қалқаман Сарин мекеменің құрылуы мен мақсат-міндеттерін атап өтті. Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік кеңестің жаңа құрамы таныстырылды.

Іс-шарада алғашқы сөз Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы, кеңес төрағасы Рустам Әлиге берілді. Төраға «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы салада серпіліс, жаңашылдықтар болсын деген мақсатпен мені және Қалқаман Саринді шақырды. Ендігі кезекте жастардан құралған жаңа құраммен жаңашылдықтарды ұштастыра отырып орталықтың жұмысы жанданатын болады.Сонымен қатар Геральдикалық зерттеулер орталығының  2024 жылыұсынған жобаларын қолдаймыз, осы жерде жоспардың жүзеге асырылуы үшін ғалымдардың алар орны ерек екендігінде айтқым келеді. Жалпы Геральдикалық орталықтың жұмысына сәттілік тілейміз» деп  айтты.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Бекболат Төлегенұлы баяндама жасады. Гералдикалық зерттеулер орталығының 2024 жылға арналған жылдық жоспары менҚазақстан Республикасының мемлекеттік геральдикалық тізбесін  (реестр)  әзірлеу жобаларды кеңес мүшелеріне таныстырып өтті.

Пікір алмасу бөлімінде алғашқы ұсыныс тілегін жеткізу үшін сөз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлына берілді. Елтаңба авторы өз сөзін Геральдикалық зерттеулер орталығының ашылуына өзінің мұрындық болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы кенже қалып тұрған мәселелердің бірі екендігін жеткізді. Сол үшінде Орталық ұсынған геральдикалық тізбені қолдайтындығын айтып өтті. Сонымен қатар, ел ағасы төраға мен орталық басшысына елтаңба бейнесіндегі төсбелгіні табыстады. Сонмен қатар Геральдикалық зерттеулер орталығының кітапханасына «Қазақстан елтаңбасы» атты кітабын табыстады.

     Кеңес отырысы барысындаЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықовта орталық ұсынған жобаны қолдайтындығын айта келіп мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жандандыру қажеттігін жеткізді.

Келесі пікірді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары, тарих  ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған білдірді. Аяған Ғелманұлы насихаттау жұмыстарын насихаттау жұмыстарында Солтүстік өңірге баса назар аудару қажеттігін жеткізе отырып облыстық, аудандық, қалалық конкурстарды қолға алу қажеттігін айтып өтті.

Бүгінгі отырыстың басты тақырыбына айналған геральдикалық тізбе мәселесі ғалымдар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.Игі бастаманың жүзеге асырылуы үшін министрлік тарапынан қолдау қажет деп қадап айтты ел ағалары.

Шара соңында модератор Қалқаман Сарин жиналғандарға орталық атынан алғысын білдіріп, ғылыми әдістемелік кеңестің отырысы жыл бойына тұрақты түрде өткізіліп отыратындығын жеткізді.