457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сот Руслан Берденовтен жеке қатысып, куәлік беруін талап етті

Шымкентте әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша үшінші сот отырысы өтіп жатыр. Судья Әбінұр Қарабаев жәбірленушінің сот процесіне тікелей немесе онлайн режимде қатысуын міндеттеді. Ол ресми өкіл Жеңіс Тыныбекке Берденовпен байланысып, бұл мүмкіндікті нақтылауды тапсырды.

«Егер Руслан Берденов келе алмаса, тергеу кезінде берген жауабының бейнежазбасы пайдаланылатын болады», – деді судья.

Сот істі толық қарау үшін жәбірленушінің қатысуының маңызын атап өтті.

Бүгінгі отырыста қорғаушы тарап оқиға орнына қарау хаттамасы мен екі куәгердің жауабын заңсыз деп тану туралы өтініш берді. Сондай-ақ, сотта әкімдік ғимаратындағы ішкі бейнебақылау жазбалары ұсынылды. Бұл кадрлардан полиция мен жедел-тергеу тобының келген нақты уақыты көрінеді.

Келесі кезеңде қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтан жауап алу жоспарланған.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалып, ол жарақатпен ауруханаға түскен. Ақпан айының соңында Берденов осы қызметке тағайындалған болатын.   

Фото:  Kazinform/ Gov.kz